Құрметті ата-аналар!

Сіздерді балалар лагерінің ресми парақшасында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Біз үшін балалардың демалысы қызықты ғана емес, қауіпсіз, мазмұнды және пайдалы болуы маңызды. Лагерь ауысымдары кезеңінде тамақтануды ұйымдастыруға, санитарлық талаптарды сақтауға, тәрбиелік іс-шаралар, спорттық ойындар мен шығармашылық сабақтар өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.

Сайтта жаңалықтар, хабарландырулар, іс-шаралар туралы ақпарат, фотоматериалдар және ата-аналарға арналған ұсыныстар тұрақты түрде жарияланып отырады. Сенімдеріңіз бен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.